Қаланың орталық алаңында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ерекше атмосферада ретро форматтағы мерекелік концерт өтті. Іс-шара барысында 1980–2000 жылдар аралығындағы көпшілікке танымал әндер шырқалып, көрермендер ескі әуендерге қосылып ән айтып, би биледі. Музыкалық кеш жаңа жыл қарсаңында алаңға жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


Ретро кештің басты ерекшелігі – сахнада орындалған әндер көрерменді жастық шаққа жетелегендей әсер қалдырды. Әуен басталған сәттен-ақ алаңға жиналған жұрт әнге қосылып, билеп, мерекелік көңіл күйді бірге сезінді.


Концертті тамашалауға қала тұрғындарымен қатар, Петропавлға арнайы келген қала қонақтары да жиналды. Олар мерекелік кештен алған әсерімен бөлісіп, қала жұртшылығына жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді


Осылайша, ретро әуендерге толы кеш жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік атмосфераны айшықтай түсті.