Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер балаларға Жаңа жыл қарсаңында отбасылық және спорттық мереке сыйлады. Толығырақ — облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметі материалында.
Полиция қызметі отбасымен жиі уақыт өткізуге мүмкіндік бере бермейді. Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары үшін Оқушылар сарайында өткен интерактивті таңғы мерекелік шаралар ерекше сыйға айналды.
Петропавл қалалық полиция басқармасының және облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкерлері өз ұл-қыздарымен бірге уақыт өткізіп, жаңа жылдық ертегінің атмосферасына бөленді. Ал мерекелік демалыс күндерін полицейлер, өзге де жедел қызмет өкілдері сияқты, өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін күшейтілген жұмыс режимінде өткізеді.
Мерекелік кешті жүргізушілермен, Аяз ата, Ақшақар және аниматорлармен бірге балалар көңілді сайыстарға қатысты. Погон таққан ата-аналарды балалар шығармашылық ұжымдарының өнері ерекше қуантты. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстық «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы филиалында тағы бір жаңа жылдық шырша жағылды. Мұнда футбол секциясында жаттығатын 80-нен астам балаға арналған спорттық таңғы мереке ұйымдастырылды.
СНХР: Талғат Тугунбаев — Солтүстік Қазақстан облыстық «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Балаларды облыстық «Динамо» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Тугунбаев пен «Қызылжар» футбол клубының шабуылшысы Тимур Мульдинов құттықтады.
Мереке жаттығуларды үзбей, еңбектеніп жүрген тәрбиеленушілерді марапаттаудан басталды. Кейін жас спортшылар Аяз атамен бірге көңілді ойындар ойнап, тәтті сыйлықтарға ие болды. Тәртіп сақшылары балаларды спорт пен шығармашылыққа баулу, берік отбасылық құндылықтар — Заң мен Тәртіп қағидаттарына негізделген әділетті қоғамдағы олардың болашақ игілігінің сенімді кепілі екенін атап өтеді.