Жаңа жыл қарсаңында қалада мерекелік дайындық қыза түсті. Тұрғындар жақын жандарына арналған ерекше сыйлықтарды таңдауда. Солардың бірі – қолдан жасалған жаңа жылдық ойыншықтар. Мұндай бұйымдар жылы әсер қалдырып, мерекелік көңіл күй сыйлайды. Ал қолөнерге әуес адам үшін бұл – шығармашылық еңбектің жемісі.
Шығармашылыққа деген қызығушылық Наталья Чурякта ерте жастан қалыптасқан. Алғашында ашықхаттар мен қабырға газеттерін безендіріп, кейін тігін мен қолөнерге бет бұрған. Қазір Наталья облыстық кітапханада жұмыс істейді және сол жерде бисер тоқу үйірмесін жүргізеді. Үйірмеге тек қыз балалар ғана емес, ұлдар да белсенді қатысады. Жаңа жыл қарсаңында үйірме тәрбиеленушілерімен бірге арнайы шығармашылық іс-шара ұйымдастырылады. Балалар өз қолымен жасаған ойыншықтары мен әшекейлерін мерекелік безендіруге ұсынады.
СНХ: НАТАЛЬЯ ЧУРЯК, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ