Парламент депутаттарының өңірлерге сапары басталды. СҚО-ға келген Сенат депутаты Әсем Рахметова Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында жуырда ашылған «Nomads-AI» креатив орталығында болды. Депутат орталықтың жұмысымен танысып, ғимараттың ішін аралап көрді. Сондай-ақ жастарға арналған жобалар мен заманауи технологияларды дамытуға бағытталған бастамаларға оң баға берді.
Креативті орталықта төрт негізгі бағыт қамтылған. Коворкинг-кеңістік, робототехника және 3D-жоспарлауды оқыту аймағы, жасанды интеллект пен стартап-жобаларды дамыту алаңы, сондай-ақ заман талабына сай жабдықталған медиастудия. Аталған студияда шығармашылыққа жақын аудан тұрғындарына ән жазуға және идеяларын жүзеге асыруға барлық мүмкіндік жасалған.
Кейін сенат депутаты робототехника және 3D-жоспарлауды оқыту аймағын, ондағы заманауи құрал-жабдықтармен және оқу үдерісімен танысты. Бұл бағытта жастарға жаңа технологияларды меңгеруге, инженерлік ойлау қабілетін дамытуға және практикалық жобалар арқылы тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік бар.
Орталықтың тиімді жұмыс істеуі үшін 10 жаңа компьютер мен 7 ноутбук сатып алынып, заманауи жиһаздар орнатылды. Алдағы уақытта креативті орталық базасында түрлі оқыту бағдарламалары, шеберлік сабақтары, хакатондар және стартап-интенсивтер өткізу жоспарланып отыр.
қазақша 373 1:27-2:04
СНХ:ӘСЕМ РАХМЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Жұмыс сапары аясында Әсем Рахметова аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Онда ол атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Биыл Сенатта барлығы 102 заң қаралса, соның 15-і депутаттардың бастамасымен жүзеге асты. Сенат қабырғасында екі ауқымды тақырып бойынша парламенттік тыңдау өткізілді. Бұдан бөлек, жыл бойы өңірлерге жүзден астам іс-сапар ұйымдастырылып, халықтың ұсыныс-пікірлері мен түйткілді мәселелері тікелей зерделенді.