Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының 2025 жылдағы ғылыми-зерттеу қызметінің қорытындысы бойынша ғылыми бөлімшелер мен профессор-оқытушылар құрамын марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиында 12 номинация бойынша 36 адам марапатқа ие болды. Іс-шараға СҚО әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев қатысып, өңір басшысының атынан құттықтады.

2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясында балдық-рейтингтік жүйеге (БРЖ) сәйкес кафедралар, циклдер және профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері бағаланып келеді. Салтанатты іс-шарада марапатқа ие болғандардың бірі - жедел өнер және моральдық психологиялық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы Қайрат Саржанов. Ол әскери салада 2002 жылдан қызмет атқарып келеді. Жиында биылғы жылдың қорытындысы бойынша 1-орынға ие болды.

СНХ: ҚАЙРАТ САРЖАНОВ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫ ЖЕДЕЛ ӨНЕР ЖӘНЕ МОРАЛЬДЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

Іс-шара барысында ғылыми-зерттеу жұмыстарының әскери білім беру жүйесін дамытудағы маңызын атап өтіп, ғылым мен тәжірибенің үйлесімі болашақ офицерлерді даярлауда шешуші рөл атқаратынын жеткізді. Сонымен қатар, ғылыми белсенділік пен жаңашыл бастамаларды қолдау алдағы уақытта да жалғасын табатыны айтылды.

СНХ: АРХАТ ТӘТТІМБЕТОВ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫ МОРАЛЬДЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЦИКЛІНІҢ БАСТЫҒЫ

Жалпы, бүгінгі таңда Петропавл қаласындағы ҚР ҰҰ Академиясының құрамында 100-ден астам оқытушы қызмет етеді.