Бүгінде мемлекеттік қызметтер цифрлық шешімдердің арқасында жылдамырақ, қолжетімді әрі оңай бола түсті. Соңғы жиырма жылда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы толықтай цифрлық жүйеге ауысты. Айталық, өңірдегі орталықтар 17 жыл ішінде 17 миллионнан астам адамға қызмет көрсетті.

20 жыл ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары ұзын сонар кезек пен өтініштерді қолмен өңдеуден толық цифрлық қызмет көрсету моделіне өтті. 2000 жылдардың басында негізгі құрал қағаз құжат болса, бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн форматта қолжетімді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы автоматтандыру, дерекқорларды біріктіру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау. Осы уақыт ішінде электронды кезек, цифрлық құжаттар мен бөлімшеге бармай-ақ қызмет алуға мүмкіндік беретін сервистер енгізілді.

СНХ: АСХАТ САҒИЕВ – «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КЕАҚ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ №1 БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Мобильді цифрландыру да мемлекеттік қызметтермен өзара әрекеттесудің үйреншікті бөлігіне айналды. «ЦОН» қосымшасын шамамен 2 миллион қазақстандық орнатқан, ол 79 түрлі қызметке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ең сұранысқа ие функциялар қатарында кезек брондау, автокөлікті сатып алу-сату шарттарын рәсімдеу, көлік құралдарының тарихы туралы мәлімет алу және e-Otinish сервисі арқылы өтініш беру бар.

СНХ: АСХАТ САҒИЕВ – «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КЕАҚ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ №1 БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бүгінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары тек құжат тапсыратын орын ғана емес. Олар – кеңес беру орталықтары, халық үшін цифрлық навигаторға айналды. Көптеген сұраныстар автоматты түрде орындалады, ал орталық қызметкерлері азаматтарға онлайн-сервистерді пайдалануға көмектеседі, өзін-өзі қызмет көрсету аймақтары да бар. Жалпы алғанда, аймақтағы орталықтар 17 жыл ішінде 17 миллионнан астам адамға қызмет көрсетті.