Облыс орталығында кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы ашылды. Мекеме 28 балаға шақталған. Нысанды жөндеу және жабдықтау жұмыстарына облыстық бюджеттен 57 млн теңге қаржы бөлінген. Орталықтың жұмысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып қайтты.
Петропавлда кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы ашылды. Нысан М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың базасында орналасқан. Мекеме ата-ана қамқорлығынсыз қалған немесе қиын өмірлік жағдайға тап болған жасөспірімдерге уақытша пана болады. Орталықтың тыныс-тіршілігімен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Аймақ басшысы әр кабинетке кіріп, атқарылған жұмысты жоғары бағалады.
Мекеме 28 балаға шақталған. Тәулік бойы жұмыс істейді. Мұнда 3 жастан 18 жасқа дейінгі ұл-қыздар келіп, үш ай бойы паналай алады. Орталықтағы білікті мамандар оларға жан-жақты көмек көрсетеді.
СНХ: ҚАТРАН КАЗАНОВ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Ең бастысы, бұл жерге түскендер әлеуметтен ажырап қалмайды. Орталыққа мектеп мұғалімдері келіп, балаларға сабақ береді. Сонымен қатар, жасөспірімдердің спортпен айналысып, ойнауына да жағдай жасалған. Мекемеде барлығы -33 адам жұмыс істейді.
СНХ: СӘУЛЕ СҰРАҒАНОВА, СҚО БОЙЫНША БАЛАЛАР, ОТБАСЫ ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:
Бұрын жасөспірімдер уақытша Айыртау, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев аудандарындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтарына апарылып жүрді. Айта кету керек, нысанды жөндеу және жабдықтау жұмыстарына облыстық бюджеттен 57 млн теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, аймақ басшысы мекеме басшылығына су жаңа автокөліктің кілтін табыстады.