Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі қабылдаған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында балабақшадан бастап мектеп пен колледжге дейінгі білім беру ұйымдарында жүйелі тәрбие жұмыстары жүргізіліп келеді. Бағдарлама аясында Абай атындағы мандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында ашық сабақ өтті. Оған әдістемелік орталықтың мамандары мен ардагерлер кеңесі қатысты. 

Бағдарламаның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дарытып, патриоттық рухты қалыптастыру, әділдік пен еңбекке баулу. Бағдарламада әр ай белгілі бір құндылыққа арналады. Бұл жүйе балабақша, мектеп және колледждерде тәрбие сағаттарын, іс-шараларды жоспарлы түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

СНХ: ДИАНА ҚАЗБЕКОВА - ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бағдарлама аясында оқушылардың белсенділігін арттыратын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыратын жобалар енгізілген: «Қамқор» – мейірімділік пен жанашырлыққа баулу; «Шабыт» – шығармашылық пен өнерді дамыту; «Еңбегі адал жас өрен» – еңбекқорлыққа тәрбиелеу; «Ұшқыр ой алаңы» – ойлау қабілетін шыңдау; «Smart Bala» – цифрлық сауаттылық пен инновацияға бағыттау.

СНХ: АЙГҮЛ НҰРТАЕВА - АБАЙ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Бағдарлама жеке меншік мектептерде де іске асуда. Жалпы облыста 444 мектеп және 4 жеке меншік мектеп бар. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – ұрпақ тәрбиесін балабақшадан бастап жүйелеуге арналған кешенді құжат. Ол жас буынды әділ, еңбекқор, отансүйгіш, жауапкершілігі жоғары тұлға етіп қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай қадам елдің рухани жаңғыруына, ұлттық бірегейлікті сақтауға және бәсекеге қабілетті азамат тәрбиелеуге бағытталған.

СНХ: СӘУЛЕ КЕРЕЕВА - АРДАГЕР ҰСТАЗ

Қазақстанның әрбір балабақшасы, мектебі мен колледжінде жүзеге асатын «Адал азамат» бағдарламасы – ел болашағына салынған инвестиция. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы қоғамда әділдік пен бірлікті, еңбексүйгіштік пен жаңашылдықты орнықтыру – басты міндет.