С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұлы композитор, әнші-ақын Ыбырай Сандыбайұлының 165 жылдығына орай «Ұмытылмас ұлы тұлға» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Іс-шараның шымылдығы Ыбырай Сандыбайұлының “Гәкку” әнімен ашылды. Сондай-ақ, кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығын қамтитын еңбектер мен энциклопедиялардан тұратын «Дарқан дарын» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Бұл әдеби-музыкалық кештің басты мақсаты – ұлы тұлғаның әндері мен мол мұрасын жас ұрпаққа жеткізу.
СНХ: ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ, «EGEMEN QAZAQSTAN» ГАЗЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ
Іс-шара барысында Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндама жасалып, өнер колледжінің студенттерінің орындауында халық сүйіп тыңдайтын әндері шырқалды. Өнер көрсетушілер қатарында ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Марал Оспанова да бар.
СНХ: МАРАЛ ОСПАНОВА — АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Әдеби- музыкалық кеш қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады. Осылайша Үкілі Ыбырайдың өлмес мұрасы арқылы ұлттық өнердің құндылығы тағы бір мәрте айқындалды.