Петропавл қаласының орталық алаңында мұз айдынының ашылу рәсімі өтті. Қатты аязға қарамастан, қала тұрғындары мен қонақтары іс-шараға көптеп жиналып, көңілді мерекелік кештің куәсі болды.
Кеш барысында мұз айдынында мәнерлеп сырғанаушылар өз өнерлерін көрсетіп, театрландырылған нөмірлер мен музыкалық композияцияларды орындады. Іс-шараға тек тек жергілікті шығармашылық ұжымдар ғана емес, Ресейден келген қонақтар да қатысты.
Қалалық мұз айдыны барлық келушілер үшін әрдайым ашық. Мұнда азаматтар өз конькиін алып келіп, сырғанай алады немесе жалға алуға да болады. Құны - 2 мың теңге. Айта кетейік, демалыс орны күн сайын жұмыс істейді. Сондай-ақ, аумағында дәмхана да орналасқан. Қала тұрғындары мен қонақтары осындай уақыт өткізуге арналған ерекше орынның ашылғанына қуанышты екендерін жеткізді.
Безендіру жұмыстары демеушілік қаражат есебінен жүргізілген. Жалпы, биыл шаһарда қоғамдық кеңістіктерді мерекелік безендірудің бірыңғай тұжырымдамасы бекітілді. Биыл «қысқы ертегі» стилінде 10 негізгі орын әсемделген.