Облыс орталығында дәстүрлі облыстық рухани форум өтті. Биылғы жиын «Қазақстан бірегейлігін қалыптастыру және нығайту: басшылардың біріктірудегі рөлі» тақырыбына арналды. Форумда қоғамды топтастырудағы басшылардың маңызы талқыланып, іс-шараға өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ғылым және қоғам қайраткерлері қатысты.

Қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам этнос пен 18 діни конфессия өкілдері өзара түсіністік пен сыйластықта өмір сүруде. Бұл – ел дамуының берік негізі болып саналатын тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің айқын көрінісі. Этносаралық келісімді нығайту ісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ерекше.

Мемлекет басшысы атап өткендей, елдің берік іргесін қалыптастырудағы маңызды бағыттардың бірі — адалдық пен әділдік қағидаттарын бойына сіңірген «Адал азаматтарды» тәрбиелеу. Бұл ұғым қоғамдағы жауапкершілік, заңға құрмет және ел тағдырына бейжай қарамау секілді құндылықтармен тығыз байланысты.

СНХР: АЗАМАТ ЖОЛМАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ

Форум барысында қайырымдылықты дамытуға қосқан үлесі, медиация саласындағы белсенді қызметі және волонтерлік бағыттағы еңбегі үшін Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар азаматтары алғыс хаттар мен арнайы медальдармен марапатталды. Бұл - өңірде қоғамдық келісім мен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосып жүрген жандардың еңбегіне көрсетілген құрмет.

СНХР: СИМАНАС ШАХАНОВА, «ТҮРІК МӘДЕНИЕТІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Форум қазақстандық бірегейлікті нығайту жолында басшылардың қоғамды ұйыстырудағы маңызын тағы бір мәрте айқындады. Айта кетейік, марапатталғандар қатарында «Қызылжар» телеарнасының жүргізуші-редакторы Елена Горбань да бар.