Жаңа жыл қарсаңында Петропавл қаласында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына мерекелік көңіл күй сыйлауға бағытталған «Аяз атадай жақсылық жаса» қайырымдылық акциясы бастау алды. Қайырымдылық іс-шарасы 18–28 желтоқсан аралығында өтеді. 

Алғашқы болып акцияға қала әкімі Серік Мұхамедиев қатысты. Қайырымдылық іс-шарасын өткізу жөніндегі бастаманы Петропавл қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығы қолға алған. Қазіргі таңда балалардан 400-ге жуық тілек-хат жиналып үлгерген.

СНХ: ДАМИР АБДИН, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Сонымен қатар қала тұрғындары да баршаңызды бейжай қалмауға және қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады.

СНХ: ШАМИЛЬ ШАКИРОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

Айта кетейік, өткен жылы бұл акция аясында 1200 баланың тілегі орындалды.