«AMANAT» партиясын СҚО филиалы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Олар: қыс мезгілінде облыс пен Петропавл қаласындағы жолдарды күтіп ұстау жұмыстары, жылыту маусымындағы тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі және электр қуатымен қамтамасыз ету сынды тақырыптар болды. Жиынға қатысушылар аталған мәселелерді жан-жақты талқылап, бақылауды күшейту және халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыру бағытындағы нақты ұсыныстарын ұсынды.
Өңір аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 6 мың шақырымнан асады. Соның ішінде облыстық деңгейдегі жолдар шамамен 1000 км құрайды. Аталған жол желісін күтіп-ұстау мақсатында 2025–2026 жылдарға 1, 9 млрд теңге қаржы бөлінген.
СНХ: МИРХАТ ӘБІЛМӘЖІНОВ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қыс мезгілінде қала көшелерінде жолдарды арнайы техникамен тазалау және жиналған қарды әкету жұмыстары тұрақты түрде атқарылады. Бірақ, партия мүшелері жолдарға құм-тұз қоспасын себу жұмыстарының жеткіліксіз жүргізіліп жатқанын атап өтіп, бірқатар ескертулер айтты. Сондай-ақ олар қардың көлемін бақылау мәселесіне қатысты сұрақтар қойды.
Отырыс барысында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да қаралды. Жылыту маусымы басталғалы бері жеке тұрғын үйлерде 95 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 12 адам қаза тапты.
СНХ: АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Сондықтан, жауапты мамандар өрттің алдын алу мақсатында әртүрлі профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Нәтижесінде, 85 мыңнан астам адамға өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.