Петропавлда Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Республикалық «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Жаңа жылдық эко-шеберхана» іс-шарасы өтті. Оған ерекше күтімді қажет ететін балалар шақырылды.
Іс-шараның мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық ойлауын және саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыру, «Таза Қазақстан» бағдарламасын насихаттау, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
СНХ: ДАМИР АБДИН ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Қатысушылар үшін қызықты әрі экологиялық тұрғыдан маңызды бағдарлама дайындалған. Іс-шара аясында шығармашылық студия тәрбиеленушілері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға табиғи материалдардан жаңа жылдық ойыншықтар жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді.
СНХ: ДИАНА МАРАТОВА ҚАТЫСУШЫ
Балалар бірлесіп эко-материалдардан ерекше жаңа жылдық ойыншықтар жасап, тұрмыста қолданылатын заттарға екінші өмір сыйлап, табиғатқа деген қамқорлықтарын көрсетті. Кездесу соңында барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды.