Қостанай облысының Рудный қаласында 13–14 желтоқсан күндері Мейбукан Годзю-рю каратэ-до бойынша республикалық турнир өтті. Осы жарыста Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары сәтті өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.
Рудный қаласында Мейбукан Годзю-рю каратэ-до бойынша республикалық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысының атынан 16 спортшы қатысып, команда екінші орынды иеленді. Аталған турнирдің маңызы зор. Себебі бұл жарыс жас спортшыларға тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік берді.
СНХ: ЕВГЕНИЙ МАКСИМОВ, «МЕЙБУКАН ГОДЗЮ-РЮ КАРАТЭ-ДО ФЕДЕРАЦИЯСЫ» СҚОФ ПРЕЗИДЕНТІ
Турнирге қатысқан спортшылардың жасы 6 мен 13 аралығында. Олардың айтуынша, мықты қарсыластармен белдесіп, жеңіске жету үшін көп еңбек пен табандылық қажет болған.
СНХ: КОНСТАНТИН ГОМЕРМАЙСТЕР, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ
СНХ:ЕРНАР ЖЕЛДЫБАЕВ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ
Алдағы уақытта жас спортшылар Годзю-рю каратэ-до бойынша өтетін халықаралық турнирге қатысуды жоспарлап отыр.