14 желтоқсанда Алматы қаласында «Танцуй всей душой» атты халықаралық би байқауы өтті. Ауқымды додаға еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген би ұжымдары қатысып, өзара бақ сынады. Солардың арасында петропавлдық «Arai Kids» би ұжымы топ жарды. Жеңімпаздарды әуежайдан ата-аналары мен туыстары күтіп алды.
Алматыда өткен халықаралық байқауда топ жарған «Arai Kids» би ұжымын әуежайда қарсы алу үшін ата-аналар мен жақындары жиналды. Қуанышқа толы сәтте балаларды гүл шоқтары мен ыстық ықылас күтіп тұрды.
СНХ: МАДИНА ТАШМАХАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Байқауға дайындық екі айдан астам уақытқа созылған. Ұжым жетекшісінің айтуынша, бұл үлкен топ болғандықтан, жауапкершілік те жоғары болған. Оған қоса, жыл бойы қатысқан төрт байқаудың барлығында гран-при жеңіп алған. Осылайша, ұжым барлық жоғары марапатты қанжығасына байлап, жылды әдемі жеңіспен қорытындылады.
СНХ: ДИЛЯРА САБЫР, «ARAYKIDS» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
Айдана Ташмахан 5 жыл бойы бимен айналысады. Осы уақытқа дейін түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған. Алматыдағы би жарыстанда «Смайлики» тобы топ жарып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
СНХ: АЙДАНА ТАШМАХАН, «ARAYKIDS» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ БИШІСІ
Айта кетейік, байқауға «Arai Kids» ұжымының «Смайлики» тобы қатысты. Құрамы 24 қыздан тұратын би ұжымы енді алдағы жылы шетелде өтетін ірі халықаралық байқауларға қатысуды жоспарлап отыр.