Премьер-министр Үкімет отырысында қолөнер, былғары және сүт өңдеумен айналысатын кәсіпкерлерді қолдауды тапсырды. Яғни ауылдар мен шағын қалалардағы жобаларға басымдық берілмек. Үкімет басшысы әкімдерге шағын және орта бизнеске көрсетілетін көмектің басым бағыттарын қайта қарауды міндеттеді.

Осылайша жергілікті өндіріс пен шикізатты қайта өңдеуді ынталандыру, қолөнер, былғары, сүт өнімдері және басқа да салаларды кеңейту шараларын қамту көзделіп отыр.

СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ