Энергетика саласын түбегейлі жаңғырту керек. Бүгін сала өкілдері бас қосқан мерекелік жиында мемлекет басшысы осылай деді. Себебі, ел алдында заманауи өндіріс орындарын ашу, инфрақұрылымды дамыту, жаппай цифрландыру секілді маңызды міндеттер тұр. Мұның бәрін энергетикасыз жүзеге асыру мүмкін емес.
Осы орайда Үкімет «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жобаны іске асыра бастады. Оның аясында 2030 жылға дейін кемінде 200 нысанға реконструкция жасалады, 86 мың шақырым желі жаңарады. Мемлекет басшысы жиында саланың бүгінгі даму қарқыны мен алдағы жоспарларға тоқталды. Әрі, энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, жоғары наградалармен марапаттады.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
СНХ: ЕРЖАН НҰРМАҒАНБЕТОВ, «ТАЛДЫҚОРҒАН» АҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ТАСЫМАЛДАУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ АҒА ДИСПЕТЧЕРІ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ