Ресей Федерациясының Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Дүниежүзілік татарлар конгресі Ұлттық кеңесінің төрағасы Василь Шайхразиев Петропавлға келді. Ол жұмыс сапары аясында Қызылжар креативті орталығында облыстағы татар этносының өкілдерімен кездесті.

Алдымен облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов пен делегация өкілдері сурет көрмесін тамашалады. Көрмеде орталықтың бастамасымен өткен түрлі мәдени іс-шаралардан алынған фотосуреттер қойылған. Жиынға «Дуслық» татар-башқұрт орталығының өкілдері қатысты. Кездесу барысында олар ашық пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар алды.

СНХ: ДАМИР БАЯЗИТОВ, «ДУСЛЫҚ» ТАТАР-БАШҚҰРТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов және СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов деңгейінде қабылданған шешімдерге сәйкес, 2026 жылы қаламызда республикалық көшпелі халықаралық Сабантой өткізу мүмкіндігі толық мақұлданды. Бұл өңір үшін халықаралық дәрежедегі маңызды мәдени оқиға болмақ.

СНХ: ВАСИЛЬ ШАЙХРАЗИЕВ, ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАТАРЛАР КОНГРЕСІ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Кездесу барысында татар тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтау және ұлттық-мәдени бірлестіктерді дамытуға басымдық берілетіні атап өтілді. Сондай-ақ Татарстан Республикасы мен Дүниежүзілік татарлар конгресімен ынтымақтастықты нығайтуға толық дайындық бар екені айтылды. Тараптар бұл бағыттағы бірлескен жұмысты алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыруға уағдаласты.