Еңбек адамы – елдің тірегі. Осындай өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Есіл ауданы Явленка ауылының тұрғыны Елена Игнатик бүгінде өз ісін 5 саусағындай білетін білікті кондитер. Бала кезінен осы мамандық иесі болуды армандаған кейіпкеріміз бүгінде аудан орталығындағы кондитерлік цехте жұмыс істейді.
Таң атысымен жұмысын бастайтын кондитер әрбір торт пен тәтті өнімді ерекше ұқыптылықпен дайындайды. Дәмі мен сапасына мән беріп, әр өнімге бар ықыласын салады. Оның қолынан шыққан тәттілер мерекелік дастарханның сәніне айналып, балалар мен ересектерге қуаныш сыйлайды.
СНХ: ЕЛЕНА ИГНАТИК, КОНДИТЕР
Кондитер мамандығында білім алған кейіпкеріміз бірнеше жылдар бойы аспаз болып та еңбек еткен. Яғни, тағам саласының барлық қыр –сырын жақсы меңгерген.
СНХ: ЕЛЕНА ИГНАТИК, КОНДИТЕР
Покровка ауылында орналасқан Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің студенттері кондитерлік цехке келіп, өндірістік тәжірибеден өтеді. Ал Елена Игнатик сынды тәжірибелі мамандар жас мамандарға бар білгенін үйретіп, кәсіби бағыт-бағдар береді.