Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді. Мемлекет басшысы Ашхабадтағы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумында осылай деп мәлімдеді. Президенттің пікірінше, Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуінен кейін бейбітшілік пактісінің негізгі ережелері белсенді талқылана бастады. Бұл көптен күткен бітімге келу мүмкіндігін жақындатты. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-на мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды деп санайды. Мемлекет басшысы өзге өңірлердегі қақтығыстарды да реттеуге қатысты пікір білдірді.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ