Сергеевка қаласында еліміздегі алғашқы аудандық IT-орталық — «ESIL.AI»-дың ашылуы ауылдық жерлердегі цифрлық инфрақұрылымды дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Бұл жоба ауыл жастары мен ересектерге білім алу, кәсіби даму және кәсіпкерлікпен айналысу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Әсіресе, алғашқы тренингтердің ауылдық округ әкімдері, жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін өткізілуі мемлекеттік органдар жұмысына цифрлық құралдарды жедел енгізуге және жергілікті жерде инновацияны дамытуға жол ашады.


СНХР: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өңірде аудандарда креативті IT-орталықтар ашылуда. Жобалар облыс әкімдігі мен СҚО IT-хабының қолдауымен жүзеге асуда. Бұл бастама ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын, IT-кәсіпкерлікті және инновациялық ойлауды дамытуға бағытталған. Елдегі алғашқы аудандық IT‑орталық Шал ақын ауданында қазанда ашылды


СНХР: НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, SKO HUB ӨҢІРЛІК IT-ХАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Дәл осы жерде ауыл тұрғындары цифрлық сауаттылықтарын арттырып, заман талабына сай білім алып, болашақ мамандарды даярлай алады. Сонымен қатар, ауыл әкімдері, округ мамандары мен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған арнайы тренингтер ұйымдастырылып, олар жұмыста цифрлық шешімдерді тиімді қолдануға мүмкіндік береді.


СНХР: МАРАТ АХМЕТОВ –ПРИИШИМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ

Жаңа IT-орталықта оқушылар мен ересектерге арналған оқу бағдарламалары басталып кетті. Мұнда бағдарламалау негіздері, жасанды интеллект, 3D-модельдеу және дрондарды басқару бойынша білім беріледі. Орталық заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, бұл сапалы білім алуға толық мүмкіндік береді.