Шал ақын ауданында отыз жыл бойы «Альберт» шаруа қожалығы өз мамандарының адал еңбегінің арқасында жұмысын тұрақты түрде жалғастырып келеді. Владимир Альберттің жетекшілігімен қожалық шағын отбасылық кәсіптен тұрақты өндірісі бар шаруашылыққа дейін өсіп жетілді. Мұнда дәнді, майлы және бұршақ дақылдары өсіріледі. Ал ұжым құрамында тәжірибелі және жастардан құралған 16 маман еңбек етеді.


Шаруа қожалығы өндірістің толық айналымын қамтамасыз етеді: жерді дайындаудан және себуден бастап өнімді жинауға дейін жұмыстар атқарады. Тұқымдық материал да шаруашылықтың өзінде өндіріледі. Сондай-ақ, қожалықта заманауи техника паркі бар, атап айтқанда: әртүрлі модификациядағы алты МТЗ тракторы, екі Т-25 тракторы, төрт К-700, үш астық жинайтын комбайн, Кемерово өндірісіндегі «Кузбасс» себінді кешендері және тіркемелі жабдықтардың кең таңдауы бар.


СНХР: ВЛАДИМИР АЛЬБЕРТ – «АЛЬБЕРТ» ШҚ БАСШЫСЫ

Дәнді дақылдардан бөлек, шаруашылықта майлы дақылдар, сондай-ақ бұршақ пен қарақұмық өсіріледі. Уақыт өте келе мұндағы егіс алқабының да, дақыл түрлерінің де көлемі кеңейді, онымен бірге ұжымда еңбеккерлер саны да артты.. Бүгінде Владимир Альберттің жетекшілігімен тәжірибелі механизаторлар мен жас мамандардан құралған 16 адам еңбек етеді. Олардың көпшілігі кезінде осы қожалықта тәжірибеден өтіп, мамандық алғаннан кейін осы шаруашылыққа жұмысқа орналасқан.


СНХР: ВЛАДИМИР АЛЬБЕРТ – «АЛЬБЕРТ» ШҚ БАСШЫСЫ

Өнімді тасымалдау үшін екі Камаз қолданылады, ал егістіктен бидай тракторлармен жеткізіледі. «Альберт» шаруа қожалығы 226 гектар жыртылған жерді өңдейді, бұл ауылдық аймақ үшін стандартты көлем. Мұнда шаруа қожалығы және «Ольгинское» фермерлік қожалығы бірлесіп жұмыс істейді. Владимир Альберттің айтуынша, негізгі мәселе дәнді дақылдарға баға тұрақсыздығы.