Евгения Крутевич үшін әрбір балшық түйірі – жаңа өмірдің бастауы. Биыл қаңтар айында ол ұзақ жылдар бойы қызмет еткен жинақ цехін тастап, өз шеберханасын ашқан. Ең қызығы ол тек қуыршақтар ғана емес, майлы бояумен суреттер де салады, сонымен қатар түрлі пішіндегі жұмсақ ойыншықтар да тігеді.
Балалық кездегі арманын жылдар өте жүзеге асырған Евгения Крутевич қуыршақ жасауды түрлі курстарға қатысып, интернет арқылы үйренгенін айтады. Әрбір туынды үшін сапалы материал, ұшқыр қиял және шыдамдылық қажет, дейді шебер. Ол әсіресе әртүрлі ертегі кейіпкерлерін жасағанды жақсы көреді.
СНХР: ЕВГЕНИЯ КРУТЕВИЧ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ
Қажетті заттарды Евгения интернет дүкендер арқылы тапсырыс беріп сатып алады. Ол тек қуыршақ жасап қана қоймай, киім-кешектерін тігіп, әртүрлі аксессуарларын әзірлейді. Бетін әрлейді, шашын сәндеп береді. Бір композицияны толық жасап шығару үшін 3–4 апта уақыт кетеді.
СНХР: ЕВГЕНИЯ КРУТЕВИЧ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ
Шебер болашақта қуыршақтар коллекциясын көбейтуді және оларды көрмелерде көрсетуді армандайды.