Облыс орталығында «Urbathon-2025» атты қаланы тұрақты дамытуға арналған пилоттық жобалар байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты – климаттық және табиғи қауіптерге тұрақтылықты арттыруға, сондай-ақ қалалық ортаны жақсартуға бағытталған инновациялық әрі тиімді шешімдерді анықтау.
Urbathon байқауы Петропавл қаласының жағдайында қолдануға мүмкіндік беретін, қалалық ортаның тұрақтылығын арттыруға бағытталған жобаларды іріктеуге бағытталған. Байқауға студенттер, мамандар, түрлі командалар мен белсенді қала тұрғындары қатыса алады.
СНХ: АРАМ, QYZYLJAR CREATIVE CENTER СПИКЕРІ
Байқауға инженерлік, цифрлық, білім беру, әлеуметтік және шығармашылық бағыттағы жобалар қабылданады. Барлық жұмыс тұрақты даму қағидаттарына сай болуы тиіс. Жоба жүзеге асыруға ыңғайлы ма, қоғамға пайдалы ма, әрі оны әрі қарай дамыту мүмкін бе бағалау барысында осы талаптардың барлығы мұқият қаралады.
СНХ: ДМИТРИЙ ГЛУХИХ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
Urbathon – петропавлдықтардың идеялары мен инженерлік ұсыныстары нақты жүзеге асатын, қаланың келбеті мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған алаң.