Солтүстік Қазақстанда еріктілік қозғалыс қарқынды дамып келеді. Бүгін Петропавлда «Волонтёр жолы – 2025» облыстық слеті өтті. Бұл – аймақтың түкпір-түкпірінен жиналған белсенді жандарды біріктірген маңызды іс-шара болды. Халықаралық еріктілер күні қарсаңында қатысушылар жыл қорытындысын шығарып, өздерінің маңызды жобалары мен алдағы жоспарларын таныстырды.
Халықаралық еріктілер күніне орай Достық үйінде «Волонтёр жолы – 2025» облыстық жиыны өтті. Іс-шараны Қоғамдық даму және ақпарат орталығы, Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы және «Birgemiz СКО» фронт-офисі бірлесіп өткізді. Іс-шара өңір еріктілерін бір алаңға жинап, еріктілер ұйымдар арасындағы өзара әрекетті нығайтуға және табысты тәжірибелермен бөлісуге мүмкіндік берді.
СНХР: АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА – «BIRGEMIZ» СҚО ВОЛОНТЁРЛЕР ФРОНТ-ОФИСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кездесу жаңа идеяларды талқылауға және белсенді жастардың тиімді командаларын қалыптастыруға арналған тәжірибе алаңы болды. Бағдарламада мемлекеттік орган өкілдерінің және волонтёрлік қозғалыстар жетекшілері сөз сөйлеп, жыл қорытындысы шығарылып, ең белсенді волонтёрлар алғыс хаттармен марапатталды.
СНХР: БЕЙБІТ ӘБІЛЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, «КҮМІС ЕРІКТІ»
Іс-шараға жүзден астам волонтёр мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Ресми мәліметтерге сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында 10 мыңнан астам ерікті тіркелген, олардың ішінде 1,5 мыңнан астамы Петропавл қаласында өтетін акциялар мен жобаларға тұрақты түрде қатысып келеді.