Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы мен Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен «Адал бол! Қылмысты тоқтат!» акциясы аясында облыстық зияткерлік құқықтық «Брейн-ринг» ойыны өтті. Іс-шара жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Зияткерлік сайысқа өңіріміздің алты колледжінен келген командалар қатысты. Қатысушылар құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама салаларындағы білімдерін көрсетіп, жылдам ойлау мен командалық жұмыстағы қабілеттерін сынға салды.
СНХР: ӘСЕЛ ЖАМБАЕВА ПЕТРОПАВЛ ЖОҒАРЫ ҚҰРЫЛЫС-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ
Ойын сұрақтары құқықтық мемлекет негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы болды. Командалар әр бөлімде жеңіске жету үшін белсенді түрде бәсекелесіп, тақырыпқа деген шынайы қызығушылықтарын және сенімді білімдерін көрсетті.
СНХР: ЖАНСЕЛЬ ӘУБӘКІРОВА, 1 КУРС СТУДЕНТІ
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың адал әрі белсенді ұрпақ тәрбиелеудегі маңызын атап өтті. «Брейн-ринг» зияткерлік ойыны студенттердің білімдерін ғана емес, азаматтық ұстанымдарын да нығайтуға мүмкіндік берді.