Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясындағы «Түрік мәдениеті» ұйымы «Қазақстан және Түркия – тарихи және мәдени сабақтастық» атты іс-шара өткізді. Мұнда 2 команда қатысып өз білімдерін ортаға салды.
Бұл іс-шара достық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында өтті. Сонымен қатар 2 елдің тарихы мен мәдениеті жайлы қызықты ақпаратпен бөлісу. Командалар мемориалдық орындар, ұлттық киімдер, дәстүр, тарихи ескерткіштер жайлы сұрақтарға жауап берді.
СНХ: ДИЛЯРА ХАСАНОВА, «ТҮРІК МӘДЕНИЕТІ»ҚБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Квизға 6 адамнан екі команда қатысты. Бірінші команда «Тұран», екінші команда «Түркілер бірлестігі».
СНХ: ТИМУР ТОҚҚОЖИН, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Ұйымдастырушылардың сөзінше бүгінгі іс -шара білім мен мәдениетке саяхат. Одан бөлек әркім өз білімі мен шеберлігін көрсетуге мүмкіндік алды.