2025 жылы облыс орталығында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. 28 қарашадағы жағдай бойынша қалалық бюджет көлемі 94,3 млрд теңгені құрады, оның 65,7 млрд теңгесі бекітілген. Петропавл қаласының дамуы, инфрақұрылым және инвестициялық жобалар жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Серік Мұхамедиев баяндады.

2025 жылғы қаңтар-қазан аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 482,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,1% -ға артық. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 158,7 млрд теңгеге жетті, өсім 5,5% -ды құрады. 106,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4% -ға артық. Бөлшек сауда көлемі 246,0 млрд теңгені құрады, өсім - 9,8%. Қала әкімі баяндамасын су тасқынының алдын алу шараларынан бастады.

СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ


Құрылыс жұмыстарының көлемі 66,1 млрд теңгеге жетті, өсім 2024 жылмен салыстырғанда 18,7% -ды құрады. Қалада тұрғын үй құрылысы және әлеуметтік нысандарды салу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы Петропавлда 106,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 74,3 мың шаршы метрі 8 көпқабатты тұрғын үй, 32,2 мың шаршы метрі жеке тұрғын үй құрылысы. Жыл соңына дейін тағы 103,1 мың шаршы метр баспананы тапсыру жоспарланған. Бұл 89,9 мың шаршы метрді құрайтын 13 көпқабатты үй, 13,2 мың шаршы метр жеке тұрғын үй.

СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ


Қала әкімі Серік Мұхамедиев алдағы уақытта Кизатов көшесінде әмбебап спорт кешені, коньки тебу орталығы, ал Береке шағынауданында футбол академиясын салу жоспарланғанын атап өтті. Сондай-ақ, Пестрое көлі айналасында 6,1 шақырымдық триатлон паркінің жобалық-сметалық құжаты әзірленуде.