Петропавл қаласында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы » АҚ СҚО филиалының ұйымдастыруымен орта буын педагогтеріне арналған облыстық семинар өтті. Қатысушылар инклюзивті білім берудің маңыздылығын және мұғалімдердің сабақтарды барлық оқушылар үшін түсінікті әрі қолжетімді ету жолдарын талқылады.
Елде ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны жыл сайын артып келеді. Соған сәйкес инклюзивті білім беру жүйесі де кеңеюде: арнайы сыныптар көбейіп, оқыту мен қолдаудың мамандандырылған бағдарламалары жасалуда.
СНХР: МЕРУЕРТ МОНДАҒАЛИҚЫЗЫ «№27 ОРТА МЕКТЕП» КММ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЛОГОПЕДІ
Семинарға қала және аудан мектептерінің мұғалімдері қатысты. Солардың бірі – Сауле Гордеева, он жылдық тәжірибесі бар бастауыш сынып мұғалімі. Мамандығы бойынша педагог-дефектолог бағытында да жұмыс істейді. Оның айтуынша, әр балаға жеке көзқарас қажет.
СНХР: СӘУЛЕ ГОРДЕЕВА –№2 САУМАЛКӨЛ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
Семинардың негізгі тұжырымдамасы — заманауи мектеп әр баланың ерекшелігіне қарамастан, оған қолжетімді және қолайлы болуы тиіс. Яғни мұғалімдер сабақты сыныптағы оқушылардың алуан түрлілігін ескере отырып, икемді түрде жобалауы керек.