Ақжар ауданы экономикасының негізі -ауыл шаруашылығы. Биыл өнім көлемі 38 761,1 млн.тенге құрады. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 271,5 мың гектарды құрады, оның ішінде 211,8 мың га алқапта дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 59,7 мың га майлы дақылдар егілді. Жалпы өнім көлемі 38,7 млрд теңгені құрады. Ақжар ауданының әкімі Рүстем Елубаев 2025 жылғы атқарылған жұмыстар жайлы айтты.

Ауданда жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 713,5 км. Аудандық маңызы бар жолдар 268 км, ауылішілік жолдар 229,5 км. Ауылішілік автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары Талшық ауылында 5,4 км, сондай-ақ Бостандық, Қызылту, Ұялы, Құлықөл, Ақжарқын, Алқатерек, Восход және Қазан ауылдарында жүргізілді. Жалпы құны 3 527,682 мың теңге. Аудан әкімі республикалық маңызы бар Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-Омбы жолы жайлы да айтып өтті.

СНХ: РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Ауданда санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келетін сапалы ауыз суға қол жеткізу деңгейі 100%. 2025 жылы «Таза Қазақстан» үш айлық тазалық акциясы аясында барлығы 2 140 ағаш отырғызылды. Мемлекет басшысының құрылыс саласының сапасын күшейтуге мән беру керек екенін айтқан болатын. Ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 7 601,9 млн. теңгені құрады. Білім беру саласы да жаңа деңгейге көтеріліп, жасанды интеллект қолданылып жатыр.

СНХ: РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Соңғы 5 жылда Акжар ауданының денсаулық сақтау саласына медициналық жабдықтар үшін жалпы 493 664 520 теңге жұмсалған. Франциядан пилоттық жобаның аясында 2 диагностикалық аппарат жеткізілді. «Ауылдық денсаулық сақтау модернизациясы» Ұлттық жобасы аясында 4 медициналық пункт пайдалануға берілді: Восход, Ақжаркын, Бостандық,. Кішіқараой ауылдарында.