Петропавл қаласында білім беру саласы қызметкерлері мен кәсіподақ мүшелері арасында «Ұстаз» облыстық спартакиадасы өтті. Спорттық іс-шараға облыс орталығы мен өңірдің 12 ауданынан келген 50-ден астам қатысушы келді. Олар бес спорт түрінен бақ сынады, оның ішінде ұлттық ойындар да бар.

Бұл спартакиада жыл сайын дәстүрлі түрде мұғалімдер арасында өткізіледі. Биылғы 33-ші облыстық спартакиада Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналды. Спорттық іс-шарада қатысушылар ұлттық ойындар -бес асық, асық ату бойынша да сынға түседі.

СНХ: ЖАНДОС БАЗАРБАЕВ – БІЛІМ БЕРУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ЖАППАЙ- ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ БАС МАМАНЫ


Жарысқа белсенді қатысып жүргендердің бірі — ағылшын тілі мұғалімі Наталья Терещенко. Оның отбасында бірнеше буын әйел-педагогтер бар. Спорт Натальяның балалық шағынан бастап өмірінің маңызды бір бөлігіне айналған. Оның командасы бірнеше рет жарыстардың жеңімпазы атанған.

СНХР: НАТАЛЬЯ ТЕРЕЩЕНКО – №2 САУМАЛКӨЛ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМІ


Спартакиада бес спорт түрін қамтиды және бірнеше күнге шақталған. Жарыс аяқталған соң жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен, кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.