СҚО-да ірі I және II санаттағы кәсіпорындар ауаға ең көп мөлшерде ластаушы заттар бөледі. Былтыр олардың стационарлық көздерінен шыққан ластаушы заттар көлемі 34,5 мың тоннаны құрады. Бұл шығарындылардың 70 пайыздан астамы облыстағы ең ірі кәсіпорын — «СевКазЭнерго» АҚ тиесілі. Осыған орай, өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Петропавл қаласының экологиясына барынша әсер ететін бұл кәсіпорынның қызметі туралы арнайы баяндама ұсынылды.
«Петропавл қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан «СевКазЭнерго» АҚ I санаттағы нысан болып табылады.. Экологиялық рұқсатқа сәйкес, кәсіпорын жылына 38 296 тоннадан аспайтын эмиссия көлеміне ие. Бұл шекті көрсеткіштен асырмау үшін өндірістік экологиялық бақылау тұрақты жүргізіледі.
СНХ: АСХАТ МӘПЕНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛЫАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, I санаттағы нысандар қоршаған ортаға эмиссияларды автоматтандырылған түрде бақылау жүйесін орнатуы тиіс. Бұл – ластаушы заттардың деңгейін нақты уақыт режимінде өлшеуге мүмкіндік береді.
СНХ: АСХАТ МӘПЕНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Экологиялық жағдайды жақсарту — өңір үшін маңызды міндеттердің бірі. «СевКазЭнерго» АҚ-да енгізілген автоматтандырылған жүйе, сондай-ақ өндірістік бақылау шаралары атмосфераға таралатын зиянды заттардың мөлшерін азайтуға бағытталған. Кәсіпорын алдағы жылдары да экологиялық талаптарды күшейтіп, жаңа технологияларды енгізу арқылы қоршаған ортаға келетін залалды әсерді азайтуға ниетті.
Жанар Абзалқызы, Анатолий Белоног ЖҚ