Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері,ақын, жазушы, көсемсөз шебері, Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Ұлтын оятқан ұлы тұлға» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, колледж студенттері мен мектеп оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты. Сондай-ақ, жиында «Халқымыздың біртуар тұлғасы» атты кітап көрмесі де қанат жайды.

Кеш барысында қатысушылар Міржақып Дулатовтың ұлт руханиятына қосқан үлесін терең талқылап, оның шығармаларының бүгінгі заман жастарына берер тағылымы зор екенін атап өтті. Жастарға жазушының өшпес мұрасынан үзінділер оқылып, оның ұлттық сананы қалыптастырудағы идеясы жеткізілді. Жыинға келген ұл-қыздар біртуар тұлғаның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректермен жақынырақ танысты.

СНХ: ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ


Іс-шарада «Міржақып Дулатов – ағартушы, жазушы, күрескер, қайраткер» және «Міржақып Дулатовтың өлеңдерін жаңа қырынан таныту» тақырыптарын қамтыған мазмұнды баяндама оқылып, онда қаламгердің қоғамдық қызметі мен шығармашылық мұрасына жан-жақты шолу жасалды.

СНХ: НҰРГҮЛ ҚОНЫСБАЕВА, №29 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ


Қоса кетейік, әдеби кеште «Халқымыздың біртуар азаматы» атты кітап көрмесі де ұйымдастырылды. Көрмені тамашалғандар тұлғаның рухани әлемі мен шығармашылық жолына терең үңілуге мүмкіндік алды.