Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған Солтүстік Қазақстан облысы делегациясының Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары аяқталды. Бұл сапар, Қытайдың жетекші корпорацияларымен байланыстарын нығайту жолындағы маңызды қадам. Сапар барысында Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен жаңа энергетикалық технологиялар саласындағы жетекші компаниялардың бірі - Haitai New Energy Group арасында меморандумға қол қойылды. Бұл құжат өңірде жел қуатын пайдалану жобаларын іске асыруға серпін бермек.
Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы ресми сапармен Қытай Халық Республикасында болды. Қазақстанның аспанасты еліндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевтің қолдауымен ұйымдастырылған бұл сапар көршілес елдің жетекші корпорацияларымен экономикалық, ғылыми-техникалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бейжіңде Қытайдың ең ірі мемлекеттік және жеке компанияларымен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтарымен келіссөздер жүргізіліп, жеті стратегиялық меморандумға қол қойылды. Соның бірі - қазақ-қытай бірлескен ғылыми-аграрлық орталығын құру жөніндегі құжат.
СНХ: ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ басқарма төрағасы-ректоры
Жергілікті білім ордасы Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясымен де келісім жасасты. Арадағы ынтымақтастық бірлескен зерттеумен айналуға, мамандардың біліктілігін арттыруға және агросектордың тұрақты дамуына бағытталған инновациялық платформалар құруға мүмкіндік бермек. Ал «Радуга» серіктестігі Хубей провинциясындағы жеңіл өнеркәсіпке арналған жабдық шығаратын компаниямен әріптестік орнатты. Бұл серіктестік картон шығаратын зауыттың салынуын және өндіріс тиімділігін арттыратын заманауи технологияларды енгізуді қамтамасыз етпек.
СНХ: ДМИТРИЙ ШАРАПАЕВ, «Радуга» ЖШС бас директоры
СНХ: ЧЖОУ ЧЖАОМИНЬ, JS Machine вице-президенті, ҚХР
СНХ: ГЭ КАЙХУА, Beijing Xiyu Zehua Trading Group Co., Ltd. басқармасының төрағасы, ҚХР
СНХ: РУСЛАН АҢБАЕВ, Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы «Ультрадекор» серіктестігі ағаш өңдеу зауытын салмақ. Бұл жобаны жүзеге асыруға China Nuclear Engineering & Construction Corp. компаниясы қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен жаңа энергетикалық технологиялар саласындағы жетекші компаниялардың бірі - Haitai New Energy Group арасында меморандумға қол қойылды. Бұл құжат өңірде жел қуатын пайдалану жобаларын іске асыруға серпін бермек.