Солтүстік Қазақстан облысында жаяу жүргіншілердің жол-көлік оқиғаларына кінәлі болу жағдайлары азайып келеді. Полиция мен қоғамдық ұйымдар қандай өзекті мәселелерді талқылағанын полиция баспасөз қызметінің материалынан білесіздер.
СНХ: СЕРІК ӘЛЖАНОВ — СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Отырыс барысында жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі де жеке талқыланды. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжановтың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жол апаттары үштен бірге төмендеген яғни 31-ден 22 жағдайға. Сондай-ақ жарақат алғандар саны 40%-ға азайды. Алайда бұл 1 жағдайдан 4 жағдайға дейін артқан.
Полиция қала маңындағы жолдарда, соның ішінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын апаттарды азайту үшін, тротуарлар салу және елді мекен аумағындағы автожолдар бойына жарық орнату қажет екенін атап өтті. Бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге жолдағы қауіпсіздікті тиімді үйрету үшін құқық қорғау қызметкерлері ата-аналар қауымдастығымен жұмысты күшейтіп келеді.
СНХ: Серік Әлжанов — СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы