Петропавлда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының Жарлығымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілді. Жалпы биыл жыл басынан бері 11 жәрмеңке ұйымдастырылып, 2,5 мың адам жұмыспен қамтылған.

Зкт: Жәрмеңкеде Петропавл қаласының әртүрлі салаларынан 30-дан астам жұмыс беруші қатысып, 800-ден астам тұрақты жұмыс орны ұсынылды.

СНХ: ДӘУРЕН ЗЕЙНУЛЛИН – ПЕТРОПАВЛ Қ. МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Бүгінде сұранысқа ие мамандықтар қатарына өнеркәсіп, көлік саласы, коммуналдық қызметтер, Мемлекеттік қызмет пен бизнес саласы кіреді. Ұсынылған бос орындар бойынша еңбекақы мөлшері 120-360 000 теңге аралығында.

СНХ: ӘСЕТ ТІЛЕУЛИН – СҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ №2 ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Жәрмеңкеге 700-ден астам жұмыссыз азамат, сондай-ақ қала колледждері мен жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттері шақырылды. Жастар практикасы бағдарламасы аясында мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға ниетті түлектер белсенді түрде тартылуда.