Биыл өңірде қылмыс деңгейі 9%-ға төмендеді. Атап айтқанда, адам өлтіру фактілері 9-дан 5-ке, өліммен аяқталған ауыр дене жарақаттары 50-ден 46-ға, ал тонау қылмыстары 21-ден 16-ға азайған.

Мас күйінде жасалатын қылмыстар қоғамдық қауіпсіздікке төнетін басты қатерлердің бірі болып қала беруде. Бүгінде Петропавл қаласында алкогольге тәуелді 1349 адам, 294 адам нашақорлықпен есепте тұр. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 39 адам мәжбүрлі емдеуге жіберілген. Ал қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, мас күйде жүргені үшін 5 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

СНХ: ҚАЙЫРБЕК БАЙМӨНКЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Полицейлер «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн» атты республикалық акцияның өту барысы жайлы айтып берді. Акция аясында облыста мобильді топтардың жұмысы жанданып, азаматтарға түсіндіру шаралары мен кеңестер өткізілуде.

СНХ: АЛЕКСАНДР РОЗБАХ, СҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Есептік кезеңде отбасылық зорлық-зомбылық фактілері мен қолайсыз отбасыларды анықтау мақсатында 985 рейдтік іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 167 қолайсыз отбасы анықталды.