Солтүстік Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Ислам Евлоев Сауд Арабиясында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Әртүрлі елдерден келген балуандар байрақты бәскеде жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Біздің жерлесіміз Ислам да лайықты өнер көрсетіп, қарсыластарын сенімді түрде тізе бүктіріп, дүбірлі доданың күміс жүлдегері атанды. Әріптесім жаттығу алаңына барып спортшымен сұхбаттасып қайтқан болатын.
Солтүстік Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Ислам Евлоев тағы да өз шеберлігінің жоғары деңгейде екенін дәлелдеді. Ислам ынтымақтастығы ойындарында спортшы іріктеу белдесулерін сенімді өткеріп, ақтық сынға жолдама алып байрақты бәсекенің күміс жүлдегері атанды. Ислам Евлоев үшін бұл дода – жай ғана халықаралық бәсеке емес, Солтүстік Қазақстан балуандарының әлемдік аренада мықтылар қатарында екенін дәлелдеу мүмкіндігі.
СНХ: ИСЛАМ ЕВЛОЕВ — ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Ислам ынтымақтастығы ойындары ислам елдерінің ең мықты спортшыларын жинайды, сондықтан бәсекелестік жыл сайын артып келеді. Евлоевтың күміс жүлдесі Қазақстан құрамасы үшін грек-рим күресінде үздік нәтижелердің бірі болды. Бүгінде бұл спорт түрі өңірде белсенді түрде дамып келеді, және жыл сайын жасөспірімдер де дәл осы бағытқа қызығушылық танытуда.
СНХ: ПАВЕЛ СЕРИКОВ - балуан