Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы ҚХР-на жасаған жұмыс сапары Үрімші қаласында жалғасты. Онда тараптар ынтымақтастық пен достық, экономикалық тұрғыда екі жақты өзара әріптестік орнату тұрғысында уағдаласты. Сонымен қатар делегация өкілдері «СҚО-Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округі» атты іскерлік дөңгелек стол отырысына қатысып, B2B форматында кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізді. 

Бағдарлама аясында СУАР халық үкіметінің басшылығымен ресми кездесу өтті. Онда екі өңір арасындағы келіссөздер ынтымақтастық тұрғыда екі жаққа да тиімді екендігі жөнінде әңгіме өрбіп, өзара әріптістік көкжиегінің әлеуеті зор екендігі тілге тиек етілді. Достық қатынастар туралы шарт жасасып келісімдерге қол қою жағы нақтыланды. Алдағы жоспарларда — мәдени, гуманитарлық және экономикалық байланыстарды дамыту қарастырылмақ.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ - СҚО ӘКІМІ 


Сапар барысында делегация өкілдері аграрлық сектордың даму барысына ерекше назар аударды. Сондай-ақ олар Қытай холдингінің /чайна мэнджи даири груп/ China mengniu Dairy Group сүт өңдеу зауытына да ат басын тіреді. Әңгіме барысында компания басшылығы біздің өңіріміздегі сүтті мал шаруашылығының белсенді даму барысы мен салынып жатқан заманауи мегафермалардағы өндірістің даму перспективаларын зерттеп-зерделегендігін атап көрсетті.


Соңғы уақытта Қытай мен Солтүстік Қазақстан облысы арасындағы тауар айналымы 2,2 есеге ұлғайған. Олар бүгінде біздің аймақ үшін негізгі стратегиялық серіктес болып табылады. Ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының ҚХР-мен тауар айналымы 129 млн АҚШ долларын құраған.