Облыс орталығындағы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры биыл өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай Qyzyljar Creative орталығында «Тамырын тереңнен алған Сәбең театрының дара жолы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға мәдениет саласының өкілдері қатысты.
Ғылыми-практикалық конференцияға театр қайраткерлері, өнертанушылар мен мәдениет саласының өкілдері қатысты. Іс-шараның мақсаты театр мәдениетінің бүгінгі бет-бейнесі мен ертеңгі мүмкіндіктері, өңірлік мәдениеттегі театрдың рөлін таныту.
СНХ: ДӘУРЕН ТОЙБАЗАРОВ, СӘБИТ МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
Осыдан 25 жыл бұрын, 2000 жылы – «Мәдениетті қолдау жылы» аясында, Темірбек Жүргенов атындағы театр және кино институтының 20-дан аса жас түлегі Қызылжарға дипломдық жұмыстарын қорғауға келген болатын. С. Мұқанов атындағы қазақ сазды -драма театрының сахнасында қойылған алғашқы спектакльдерде осы жас әртістер өнер көрсетті. Олар бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде абыройлы қызмет атқарып, есімдері елге танылған, көрерменнің көзайымына айналған өнер майталмандары. Солардың бірі Болат Мамытбеков. Бүгін ол театрды мерейтойымен құттықтауға келген.
СНХ: БОЛАТ МАМАТБЕКОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ТЕАТР ЖӘНЕ КИНО АКТЁРІ
Осы жылдар ішінде театр сахнасында талай қойылым сахналанып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жеткен жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай. Театр тарихында әр кезеңнің өзіндік қолтаңбасы бар.