Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қытай халық республикасына ресми сапармен барысында ірі кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Тараптар жаңа инвестициялық жобаларды дамыту мүмкіндіктерін айтты. Сондай-ақ Қытайда солтүстікқазақстандық инвесторларды қолдау орталығы ашылды

Cолтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы бастаған өңір делегациясы аспанасты еліне жасаған жұмыс сапары барысында Цзянсу провинциясына да барып, ірі кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Тараптар арадағы жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және экспорттық әлеуетті арттыру мүмкіндіктерін талқылады.


СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


СҚО делегациясы Янчжоу қаласында FAMSUN Group Co., Ltd. президенті Ричардом Фанмен, Myande Group Co., Ltd. президенті Ксю Бинмен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Жүздесуде "Қызылжар" арнайы экономикалық аймағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен майлы дақылдарды терең өңдеу мәселелері қаралды.

СНХ: КСЮ БИН, Myande Group Co., Ltd президенті, ҚХР


Сапар аясында елеулі оқиға орын алды. Нанкин қаласында аймақ инвесторларын қолдау орталығы ашылды. Ол солтүстікқазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін Қытай нарығына шығаруға септеседі. Экспортты ұлғайтып, өңірдегі кәсіпкерлік саласын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, стратегиялық құжат аясында бірлескен жобалар жүзеге асырылады.

СНХ: РИЧАРД ФАН, FAMSUN Group Co., Ltd. преззиденті


Ресми сапар аясында СҚО инвесторларға қызмет көрсету орталығы мен Нанкин қаласындағы ірі мемлекеттік холдингтік компания Jiangsu SOHO Holdings Group арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта страгиялық құжат аясында бірлескен жобалар жүзеге асып, дамитын болады. Қазақстан - Қытай жарқын болашаққа бірге қадам жасамақ. Бұған өңірімізде жүзеге асырылатын ілкімді істер үлес қосары сөзсіз.