Бүгін Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде жұмысшы мамандықтар жылы аясында болашақ шаштараздар үшін шашты заманауи бұйралау техникасы бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Студенттер тәжірибелі шеберлерден пайдалы кеңестер алып, кәсіби дағдыларын жетілдірді.
Колледжде шаштараз өнері бойынша 75 студент білім алып жатыр. Шеберлік сабаққа тәжірибелі мамандар, әлеуметтік серіктестер шақырылып, студенттерге шашты химиялық бұйралау бойынша заманауи әдіс-тәсілдер көрсетілді. Сабақ барысында студенттер шеберлерден жаңа технологияларды үйреніп, өз дағдыларын тәжірибе жүзінде шыңдады.
СНХР: ИРИНА ДЖУНЬ, КОЛЛЕДЖДІҢ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ
Шеберлік сабақты халықаралық деңгейдегі алдыңғы қатарлы стилист, колледждің әлеуметтік серіктесі Наталья Толуспаева-Нужина өткізді. Ол – әлем чемпионатына қатысып, жүлделі орын иеленген кәсіби маман. Наталья өз тәжірибесімен бөлісіп, шаштараз өнерін — тек сұлулық емес, шығармашылық пен кәсібилікті талап ететін маңызды мамандық ретінде насихаттап жүр.
СНХР: НАТАЛЬЯ ТОЛЫСПАЕВА-НУЖИНА, КОЛЛЕДЖДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСІ
Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету колледжі барлығы 27 әлеуметтік серіктеспен ынтымақтастықта жұмыс істейді.