Негізгі Жаңалықтар Назарбаев университеті мен Қозыбаев университеті арасында меморандумға қол қойылды

Назарбаев университеті мен Қозыбаев университеті арасында меморандумға қол қойылды

Өңірге жұмыс сапарымен келген Назарбаев Университетінің президенті Вакар Ахмад пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кездесіп, бірқатар маңызды жобаларды талқылады. Тараптар ауыл шаруашылығы, су ресурстары және жасанды интеллект бағыттары бойынша 7 сала бойынша әріптестік орнатуды көздеп отыр. Жиын соңында екі жетекші жоғары оқу орны өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Назарбаев Университетінің өкілдері жұмыс сапарының екінші күнінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесті. Еліміздегі жетекші білім ордаларының бірі Қозыбаев университетімен бірлесіп аймақта бірнеше жобаны жүзеге асырмақ. "Бұл шаралар өңірдегі кадр тапшылығын жойып, экономикамыздың дамуына тың серпін береді", - деді аймақ басшысы. 

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Алдағы уақытта Назарбаев Университетінің профессорлары облысқа келіп, тәжірибелерімен бөліседі. Тиісінше, жергілікті мамандар да аталған білім ордасына барып, біліктіліктерін арттырады. Шара барысында жасанды интеллект пен озық технологиялар арқылы студенттерді оқыту мәселесіне де баса назар аударылды. Сонымен қатар, жуырда меймандар теріскей табиғатын зерттегісі келеді екен.

ВАКАР АХМАД, Назарбаев Университетінің президенті, Астана қаласы:

Алқалы жиын соңында Назарбаев Университеті мен жергілікті білім ордасы арасында өзара ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойылды.

Бөлісу