Университеттер ғылыми әлеуетін біріктіреді
М. Қозыбаев атындағы СҚУ мен Назарбаев Университеті жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және заманауи технологиялар салаларында бірлесіп жұмыс істемек. Алғашқы идеялар нақтыланып қойды, енді екі оқу орны басты бағыттарды таңдап, арнайы командалар құрып, қаржы табу жолдарын қарастырады. Бұл ретте әсіресе Солтүстік Қазақстан облысының өзекті мәселелерін шешуге көмектесетін жобаларға басымдық беріледі.
Жасанды интеллект, ұшқышсыз ұшу аппараттары және заманауи зертханалар - бұл енді тек болашақтың технологиялары ғана емес, сонымен қатар өңір міндеттерін шешу құралы. Петропавлда екі ірі университеттің өкілдері өз мүмкіндіктерін қалай біріктіру керектігін талқылап жатыр. Сапар аясында қонақтарға ГИС-технологиялар, ауыл шаруашылығы, биотехнологиялар, медицина, инженерия, су ресурстары және агрохимияға қатысты ғылыми әзірлемелер мен зертханалар көрсетілді. Келесі қадам - осы бағыттардың ішінен нақты жобаларды таңдап, оларды жүзеге асыруға дайындау.
СНХР: ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ – KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР
Аризона Университетімен ынтымақтастықтың нәтижелері қазірдің өзінде байқалады. Қозыбаев Университетінің бірлескен қос дипломды бағдарламасы 42 студентпен басталса, бүгінде алты білім беру бағдарламасында 475 адам оқып жатыр. Биыл 30-дан астам жас маман бірден екі диплом алды. Енді университет мұндай серіктестікті ғылыми сала да кеңейту ниетінде. Бұл ретте ел үшін ең сұранысқа ие бағыттар бойынша мамандар даярлауға және зерттеулерге баса назар аударатын Назарбаев Университетінің тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырады.
СНХР: ВАКАР АХМАД, NAZARBAYEV UNIVERSITY ПРЕЗИДЕНТІ
Назарбаев Университетінің делегациясы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды. Сондай-ақ университет өкілдері өңір кәсіпорындарына баруды жоспарлап отыр.