Солтүстік Қазақстан облысында 54 мектептен 1 896 науқас тіркелді. ЖРВИ-мен ауырған балалар саны 30% және одан жоғары болуына байланысты бұл мектептердің 292 сыныбындағы 2 856 оқушы уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Оқу процесі цифрлық білім беру платформаларын пайдалана отырып, толық көлемде жалғасуда.
Айыртау ауданының Арықбалық және Шал ақын ауданының «Ақан-Барақ орта мектебі» толықтай қашықтан оқуға ауысқан. Ал 52 мектепте жекелеген сыныптар қашықтан оқыту форматына көшті, оның 20-сы Петропавл қаласында, М.Жұмабаев ауданында 5-еу, Шал ақында 10, 7-еуі Қызылжар ауданында, Тайынша және Тимирязев аудандарында екі мектептен, Уәлихан ауданында 1-еу, 5-еуі облыстық көлемдегі мектептер.