Науқастың білегіндегі штрих-код, медициналық суреттерді сақтайтын бұлтты жүйе және SOS батырмасы арасында қандай байланыс бар? Бұлардың барлығы – бүгінгі күні облыстық көпсалалы балалар ауруханасында жүзеге асырылған цифрлық медицинаның элементтері.
Цифрлық денсаулық сақтау картасына сәйкес, өткен жылдың қараша айында ауруханада госпитальдық фармация бөлімі ашылды. Мұнда дәрілік заттарды бөлу, олардың қозғалысын бақылау, бөлімшелерге жеткізу – яғни медикаменттердің толық менеджменті жүзеге асырылады. Бала ауруханаға түскен кезде оның қолына жеке штрих-коды бар білезік тағылады. Сол код арқылы барлық тағайындауларды қадағалауға болады.
СНХР: НҰРБОЛАТ НҰРМОЛДИН – ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ГОСПИТАЛЬДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Мұнда МРТ-зерттеулер жүргізіледі. Алынған деректер PACS медициналық ақпараттық жүйесіне, яғни «бұлтқа» жіберіледі. Сондай-ақ нәтижелер Damumed жүйесінде де сақталады.
СНХР: СӘЛІМЖАН ДІНМҰХАМЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ СӘУЛЕЛІ ДИАГНОСТИКА ДӘРІГЕРІ
СНХР: АЛЕКСАНДР ГАССМАН –ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Цифрландыру – бұл болашақ туралы емес, бүгінгі күннің талабы. Осылайша облыстық көпсалалы балалар ауруханасы секілді медициналық ұйымдар технологиялардың денсаулық сақтау саласын әлдеқайда дәл, қолайлы және жылдам етіп жатқанын дәлелдейді.