«Auyl Jastary» аймақтық форумы Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында ұйымдастырылды. Еліміз бойынша өткізіліп жатқан бұл іс-шараның бір ерекшелігі, оның аудандық деңгейдегі кезеңінің алғашқы болып біздің өңірімізде өтуі. 35 ке дейінгі 200 ге тарта айыртаулық жастың басын тоғыстырған жиын, «TED x» форматы яғни көшбасшылық қабілетті дамыту шеңберінде болды.


СНХ: Ғалымжан Құсманғали- «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары, орталық аппарат басшысы 

Форумның басты мақсаты – жас азаматтардың бастамаларын қолдау, олардың көшбасшылық әлеуетін арттыру. Президент Жолдауында айқындалған мемлекеттік басымдықтарды жүзеге асыруға жастарды жұмылдыру. «TED x» форматындағы жиын басталмас бұрын форум мүшелері алдымен садақ атудан өз ара мықтыны анықтауда бақ сынасты. Яғни бұл мотивациялық кезең. Осыдан кейін олар мобилография, дрон арқылы аэротүсірілімдер жасау тренингіне қатысып оның қыр-сырлары жайында мағлұматтар алды. Оны өз қатарластарына, бүгінде Айыртау ауданының әсем табиғатымен көрікті жерлерін дрон арқылы көпшілікке танытып, туризм саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген Ернар Қазбеков таныстырды.

СНХ: Ернар Қазбеков – мобилограф 

Форумның көздегені, ол ауыл жастарының басын бірікітіп, олардың жаңашылдыққа ұмтылысының бағыт-бағдарын айқындау. Мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына бей-жай қарамайтын белсенді буын қалыптастыру.

СНХ: Никита Кучма – форумға қатысушы 

«TED x» форматындағы басқосуда сөз алған спикерлердің әрқайсысы өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, көшбасшылық қабілетті қалыптастырудағы өз ойларын ортаға салды. Ел дамуында ауыл жастарының алар орындарын айқындап, форумның стратегиялық маңызыдылығы жайында түсіндірді.