Эпидемиологиялық маусым басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында ЖРВИ-дің 18 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,9 пайызға төмен көрсеткіш. Дегенмен, сырқаттанғандардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың үлесі жалпы тіркелген жағдайлардың 66 пайызын құрайды. Ал соңғы аптада жағдай күрт өзгерді: ЖРВИ-дің 4 397 дерегі анықталды. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 59 пайызға жоғары.
Қазіргі таңда облыста тұмаудың 45 жағдайы тіркелген. Барлығы – А типі. Оның 33-і ересектер арасында, ал 12 жағдай 14 жасқа дейінгі балалардан анықталды. Облыс бойынша тұмау мен басқа да ЖРВИ түрлерінің таралуына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бұл бақылау нәтижелері өңірде тұмауға жатпайтын вирустардың да кездесетінін көрсетті: риновирустың 9 жағдайы, аденовирустың 2 жағдайы тіркелген. Осы орайда, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында тәуекел тобына жататын адамдарға тұмауға қарсы вакцина салынды.
СНХ: ГҮЛИДА ДЖАКЕЕВА – СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
СНХ: ГҮЛИДА ДЖАКЕЕВА – СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Айта кету керек, эпидемиологиялық маусым басталғалы елімізде ЖРВИ-дің 1,5 миллионға жуық жағдайы тіркелген. Бұл – өткен маусыммен салыстырғанда 20 пайызға төмен көрсеткіш. Ал соның зертханалық түрде расталған 590 тұмау жағдайының 587-і А типіне жатады.