Петропавл қаласында жаңа үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қопай шағынауданында 72, 105 және 140 пәтерден тұратын алты жаңа үй салынып жатыр. Мемлекеттік құрылыс қатарында аталған шағын ауданда жеке инвесторлардың қатысуымен де тұрғын үйлер салу жоспарланған.
Жобаның аяқталуы 2026 жылға жоспарланып отыр. Сонымен бірге, ықшам ауданда «Копай» қосалқы станциясы жаңғыртылуда. Бұл жұмыс энергия қуатын арттырып, қарқынды өсіп келе жатқан ауданға тұрақты әрі үздіксіз электр беру мүмкіндігін күшейтеді. Тұрғын үйлердің және инженерлік инфрақұрылымның кешенді дамуы – жайлы, заманауи өмір сүруге қолайлы жаңа аудан қалыптастырудың негізгі маңызды қадамы.
СНХ: БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ